Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында тау етегіне демалуға келгендер үйлеріне қайтарылды

Түркістан облысының полицейлері карантин режимінің сақталуын күнделікті бақылауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Карантин талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында Түркістан облысында күнделікті тұрақты түрде іс-шаралар жүргізілуде. Осы тұста Созақ ауданы көлемінде мобильді топтар құрылып, рейдтік жұмыстар атқарылуда. Олар аудан көлемінде адам көп шоғырланатын жерлерін, тау бөктеріндегі демалыс орындарын тексеріп, карантин талаптарының сақталуын қатаң түрде қадағалауда. Нәтижесінде тау етегіне демалуға келген 12 автокөлік пен 52 жолаушыға ескертпе жұмыстары жүргізіліп, тұрақты мекенжайлары бойынша кері қайтарылды. Жалпы Созақ ауданы бойынша жыл басынан бері карантин режимін бұзудың 83 дәйегі анықталған. Оның ішінде екі жеке кәсіпкер, 81 жеке тұлға. Сонымен қатар бес отбасылық жиынға тиісті шаралар көріліп, дер кезінде тоқтатылған.

Мәселен, Созақ ауданы Қаратау тауының беткейіне екі отбасы бірлесіп табиғат аясында демалуға шыққан. Онда шамамен 15-ке жуық адам жиналған. Мұны байқаған полицейлер тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, үйлеріне тарқатты.

Жалпы карантин режимін бұзған азаматтарға қатысты жинақталған іс-құжаттар Созақ аудандық СЭББ-ге жолданған. Қазіргі таңда полиция бөлімі қызметкерлерімен күнделікті карантин режимінің сақталуы бақылауға алынды.

Өз кезегінде облыстық полицейлер карантин режимін қатаң түрде сақтауды ескертеді. Мейілінше адамдар көп шоғырланатын аймақтарға бармауға шақырады. Егер де, қатты қажет болған жағдайда медициналық бетперде тағып, қолғап киіп жүруге кеңес береді. Өз өміріңіз, өз қолыңызда!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру