Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында тергеушіге көңілі толған тұрғын кәсібилігі үшін алғыс айтты

Алаяқтық істі жүргізген тергеушіге көңілі толған тұрғын кәсібилігі үшін алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің тергеушісі Нұрғали Абсенге жергілікті тұрғын көрсеткен көмегі үшін өзінің бейнежазбасында хабарлап, полицияға шын жүректен алғысын білдірді.

Нақтырақ айтсақ, жәбірленуші  аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне алаяқтық дерегі бойынша арызданған. Әйелдің айтуынша, 27 жастағы II-топ мүгедек ұлын белгісіз біреу әлеуметтік желі арқылы жалған жарнама жасаған. Яғни “салған ақшаңды көбейтіп беремін” деп сендіріп, 1,5 миллион теңгеге жуық ақшасын алаяқтық жолмен алған. Аталған іс Н. Лесханұлына жолданып, ол жәбірленушіні толықтай тыңдап, айтқан мәселелердің бәрін назарға алды. 

Полицей Нұрғали қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп, кәсібилігінің арқасында алаяқтық жолмен алынған қаражаттар жәбірленушіге толықтай қайтарылды.

 Өз кезегінде жергілікті тұрғын жедел-іздестіру шараларын тиімді нәтижемен ұйымдастырған тәртіп сақшысына шынайы алғыс білдірді. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру