Түркістан облысында терроризмге қарсы қорғау мәселелері бойынша семинар өтті
Түркістан облысында терроризмге қарсы қорғау мәселелері бойынша семинар өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Б. Айтпаевтың төрағалығымен өңір аумағында қызмет көрсететін 78 жеке күзет ұйымдарының құрылтайшылары және директорларының қатысуымен "Террористік тұрғыдан осал обьектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру туралы" семинар-кеңес өтті.
Іс-шараға ҰҚКД, прокуратура, әкімдік өкілдері, әкстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы, Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы, әкімшілік полиция және күзет қызметін бақылау бөлімі қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында қатысушыларға террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге
қарсы қорғау саласындағы ҚР заңнамасының нормалары, азаматтық және қызметтік қару айналымы қағидалары, сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің кейбір баптарына енгізілген толықтырулар мен өзгерістер, басқа да жайттар бойынша егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды. Семинарға қатысушылар белсенді пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды. Оған қоса объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру бойынша құқықтық көмек көрсетілді. Қатысушылар атап өткендей, семинар тәжірибе алмасу үшін маңызды алаңға айналды, ал осы бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасады.