Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында той жасаушылар тоқтар емес

Түркістан облысында той жасаушылар тоқтар емес, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кезекті рейдтік-профилактикалық іс-шара барысында Жетісай АПБ-нің полиция қызметкерлері тұрғын-үйлерінің аулаларында той жасап жатқан екі жетісайлықты анықтады. Оның бірі інісінің үйлену тойын жасап 120-дай қонақ шақырса, екінші тұрғын қызын ұзатып, 100-ге тарта адамның жиналуына ықпал еткен.

Карантиндік шектеулерді елемеген екі тұрғынға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу бойынша) шара қөру мақсатында іс-құжаттар жинақталып, СЭББ-ға жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру