Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында “Toyota” жүргізушісі көлігіне жалған нөмір таққан

Түркістан облысының полицейлері арнайы дыбыс сигналдарын қойып, жалған нөмір тағып жүрген тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының полицейлері қоғамдық тыныштық пен қауіпсіздікті сақтау сынды кезек күттірмес қиын да қауіпті қызметтерімен бірге, күнделікті әлеуметтік желіге де бақылау жасап, саралап отырады. Осындай кезекті мониторинг жүргізу кезінде полицейлер, әлеуметтік желіде тұрғын өз көлігін қосымша жарық шамдарымен жабдықтап, жол ережесін бұзып жүргені жөнінде бейнежазбаны анықтады. 

Аталған құқық бұзушылықты жасаған «Toyota Camry» маркалы көліктің жүргізушісін анықтау мақсатында, Түркістан ҚПБ-ның қызметкерлері шұғыл әрекетке кірісті. Қажетті шараларды іске асыра отырып аз уақыттың ішінде жас жүргізуші тұрғынды анықтады. Нақтырақ айтсақ, жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлімі (Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару, сол сияқты мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн (белгiсiн) сәйкестендіруге кедергі келтіретін не олардың түрін өзгертетін немесе жасыратын құрылғылар мен материалдар қолданыла отырып жабдықталған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару) және 603-бабы 2-бөлігі (Арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды (күзет сигналын беруді қоспағанда) көлiк құралына тиiстi рұқсатсыз орнату) бойынша хаттама толтырылды.

Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері жүргізушілерді осы тәрізді олқылықтарға жол бермеуге шақырады. Қайта жабдықтауды да заңға сәйкес жасау қажет. Одан бөлек, жолда жылдамдықты асырмауға, маневр жасау қағидаларын бұзбауға, мүмкіндігінше сақтық шараларын қолданып көлік басқаруға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру