Түркістан облысында тұрғын әріптесінің ұялы телефонын алып қойған
Түркістан облысында тұрғын әріптесінің ұялы телефонын алып қойған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазығұрт ауданы ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып келген. Онда бірге жұмыс жасайтын әріптесі ОРРО ұялы телефонын алып қойып, 70 мың теңге шығын келтіргендігі туралы көрсеткен. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 389-бабы (Өзінше билік ету) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.
Тәртіп сақшылары хабар алысымен оқиға орнына жедел жетті. Істің ақ-қарасын ажыратып, жәбірленушінің ұялы телефонын өзіне қайтарып берді.
Белгілі болғандай, жәбірленуші мен әріптесі екеуінің арасында жұмысқа қатысты келіспеушілік болған. Содан соң жәбірленуші күдікті әйелдің сөздерін ұялы телефонындағы дыбыс жазу қосымшасына басып алған. Мұны білген күдікті өзінің сөздерін жою мақсатында жәбірленуші әйелдің ұялы телефонын алып қойған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.