Түркістан облысында тұрғындарды жұмысқа орналастырып беремін деп алдап соққан әйел анықталды
Түркістан облысында тұрғындарды жұмысқа орналастырып беремін деп алдап соққан әйел анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері алаяқтық қылмысына барған 50 жастағы тұрғынды анықтады.
Күдікке ілінген әйел екі бірдей танысына мамандықтары бойынша жұмысқа орналастырып беретінін айтып, сендірген. Ол үшін жәбірленушілерден алдын ала 300 мың теңге көлемінде қаражат алған.
Алайда біршама уақыт өтсе де уәде етілген жұмысты да, не ақшаларында қайтармаған. Яғни әйел алған ақшаны бас пайдасына жаратқан.
Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, істің мән-жайы анықталуда.