Түркістан облысында тұрғындарға интернет-алаяқтықтан сақтану жолдары түсіндірілді
Түркістан облысында 100-ден астам тұрғынға интернет-алаяқтық пен мал ұрлығының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыағаш ауданында учаскелік полиция инспекторлары интернет-алаяқтықтың алдын алу және мал ұрлығының жолын кесу мақсатында мал базарға баратын жолдарда тұрғындармен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында 100-ден астам азаматқа қауіпсіздік шаралары жөнінде ақпарат берілді.
Полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтың кең тараған тәсілдері мен одан сақтану жолдарын түсіндірді. Азаматтарға күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеу, жеке деректерін бөгде адамдарға бермеу және кез келген ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеру қажеттігі ескертілді.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары мал иелеріне малды қараусыз қалдырмау, қоршауларды күшейту және малды бейтаныс адамдарға сеніп тапсырмау жөнінде кеңес берді.
Полицейлер тұрғындарды қырағы болуға шақырып, алаяқтық немесе күмәнді жағдайларға тап болған жағдайда дереу полицияға хабарласу қажеттігін ескертті.
