Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында тұрғынның қорасынан 6 бас қойды жымқырған үшеу қолға түсті

Түркістан облысында тұрғынның қорасынан алты бас қойды жымқырған үшеу қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, өзінің тұрғын үйінің ауласындағы қораға белгісіз біреулер заңсыз кіріп, әрқайсысы 50 мың теңге тұратын алты бас қойын жасырын жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі – 300 мың теңге.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алды. Оқиғаны естіген бойда тәжірибелі тәртіп сақшылары аталған мекенжайға бірден жетті. Ұрлық қылмысын ашу мақсатында полицейлер қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар жақын аумақтарды түгел қарап шығып, көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, ұйымдасқан үшеуді бір тәулікке жеткізбей ұстады.

Анықталғандай, ауылдас күдіктілер түнгі уақытта ұрлыққа түсіп, алты бас қойды Ваз-21014 көлігіне салып, жасырын жымқырып кеткен. Яғни, олар малды ұрлаған соң сатып, ақшасын жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдіктілер қамауда, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру