Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында тұрғынның үйінен 4 түп сора тәркіленді

Түркістан облысында тұрғынның үйінен 4 түп сора тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Ордабасы ауданында учаскелік полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс шарасын атқару барысында жергілікті тұрғынның үйіндегі жер төлесінен есірткі өсімдігін тапты.

Ер азамат өзінің екі қабатты үйінің кіреберісінің төменгі жағына жертөле салып, онда гүлдің құтыларына сора есірткі өсімдігін еккен. Арнайы жарықшамдармен жасақтап, сораның жайлы өсуі үшін жағдай жасаған.

Бүгінгі таңда 10 шақты сора өсімдігі тәркіленіп, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп, істің мән-жайы анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру