Түркістан облысында тұрғынның үйінен телефон ұрлаған күдікті анықталды
Түркістан облысында тұрғынның үйінен телефон ұрлаған күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісай АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Ол өз арызында белгісіз біреу үйіне заңсыз кіріп, кіре беріс жердегі үстел үстінде тұрған OPPO A5S ұялы телефонын жымқырып кеткендігін көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 75 мың теңгені құрады.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркелді.
Орын алған қылмысты ашу мен күдіктіні анықтау мақсатында тәртіп сақшылары жедел тұрғын үйге барып, жақын төңіректі мұқият қарап, тұрғындардан жауап алды.
Жүйелі жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар күдікті азамат ұсталды. Қазіргі таңда күдікті азаматқа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.