Түркістан облысында тұрмыстық зорлық-зомбылық 41%-ға төмендеген
Түркістан облысында тұрмыстық зорлық-зомбылық 41%-ға төмендеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл жайында брифинг барысында Түркістан облысы Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығының орынбасары Асылхан Төреханов баяндады. Аталған іс-шара ПД-ның Instagram және Facebook ресми парақшаларында тікелей эфирде өтті. Бұл брифингте «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жауапкершілікке күшейту туралы» тақырыбында өзекті мәселе айтылды.
Жалпы облыс полицейлерімен 2021 жылдың басынан бастап есептегенде алты айында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында қылмыстар саны 41 пайызға төмендеген. Тұрмыста жасалған құқық бұзушылық бойынша азаматтардан келіп түскен арыз-шағымдар 58,3 пайызға азайған. Полицейлермен жүргізілген профилактикалық әңгімелесу артып, 2 500-ге тарта зорлық-зомбылық жасаған адам ішкі істер органдарына жеткізіліп, оларға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған.
– Негізінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың көп кездесетін себептері, жәбірленушінің ешкімге айтпай бәріне көніп жүре беруі, азаматтарымыздың ішімдікке салынуы, отбасындағы жетіспеушілік және т.б. Біздің мақсат тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз етіп, қандай да бір қылмыстың, құқық бұзушылықтың орын алуына жол бермеу. Осы бағытта «Құқықтық тәртіп», «Тұрмыс», «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» деген сияқты түрлі жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізіп келеміз, – деп атап өтті А.Төреханов.