Түркістан облысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша шаралар жүргізіліп жатыр
Түркістан облысында полиция тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша қарқынды шаралар жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, құқықтық сауаттылықты қалыптастыру, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту және полицияға деген сенімді арттыру мақсатында тәртіп сақшылары Түркістан облысының аумағында профилактикалық іс-шараларды үнемі жүргізіп келеді.
Мәселен Кентау қалалық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы әлеуметтік-психологиялық қолдау орталығының мамандарымен бірлесіп, профилактикалық есепте тұрған және оларға қатысты қорғау ұйғарымдары шығарылған тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын атқарды.
Полицейлер азаматтарға «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» Заңын, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өзгерістер мен қабылданып жатқан шаралар туралы түсіндіріп, ақпараттық жадынамалар таратты.
Сондай-ақ қорғау нұсқамасы бұзылған жағдайда құқық бұзушы жауапқа тартылатынын ескертті.