Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында дөңгелек үстел өтті

Түркістан облысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында дөңгелек үстел өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының мамандары Кентау және Сауран аудандарында болып "Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жасөспірімдердің қауіпсіздігі" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Жиында полицейлер зорлық-зомбылықтың алдын алу және онымен күресу жолдары жайлы жан-жақты ақпарат беріп, Мемлекет басшысының әйелдер мен балаларды қорғауға бағытталған жаңа заңнамалық өзгерістері аясында енгізілген жаңашылдықтармен де таныстырып өтті. Сондай-ақ шара барысында сөз алған Кентау қалалық "Отбасын қолдау орталығының" мамандары жыл басынан бері отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында жасөспірімдер арасында 3 кездесу өткізіп, барлығы 170 адам қамтылғанын айтып өтті.

Оған қоса қылмыс пен құқық бұзушылыққа бейім тұлғаларға қатысты қорғау нұсқамасын шығару және ерекше талап есебінде тұрған адамдардың мекенжайлары бойынша 58 отбасына түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Осы және өзге де атқарылып жатқан шаралар легі баяндалып, полиция қызметкерлері кезекті іс-шараларды алдағы уақытта бірлесіп жүргізуге шақырды

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру