Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында учаскелік полицей тұрғынның жоғалған жылқысын қайтарды

Түркістан облысында учаскелік полицей тұрғынның жоғалған жылқысын қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Келес ауданында қызметтік міндетін атқарып жүрген учаскелік полиция инспекторы Бақыт Айткұлов жол бойында бос жібімен қазығын сүйретіп жүрген жылқыны көрген. Қасында иесі болмағаннан кейін, небір келеңсіз жағдайлардың, яғни ұрлық-қарлық жайтының орын алуын ескерген полицей, жануарды аудандық полиция бөлімінің ауласына әкеліп, сенімді жерге байлап қояды.

Нәтижесінде келесі күні Келес АПБ-нің қызметкерлерінен жылқысы жайлы естіген тұрғын полицияға келді.

Жергілікті тұрғын Берік Атабековтың айтуынша, ол Келес ауданы Аққорған елді мекенінде орналасқан егістік алқапқа жылқысын қазық қағып, арқандап кеткен. Біршама уақыттан кейін орнын ауыстыруға келгенінде малын таппай қалған. Өздігінен бір күн бойы іздеп, соңында жылқысын полицейлерде екенін білген. Жылқы иесіне қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру