Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында ұландықтарға марапаттар табысталды

Түркістан облысында жергілікті атқарушы билік әскери бөлім қызметкерлерін марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесі қарсаңында Түркістан қаласындағы №5574 әскери бөлімінде салтанатты жиын өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, ПД бастығы Мұрат Қабденов, ҚР Ұлттық ұланы “Оңтүстік” өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Талапкер Амриев, ҰҰ 5574 әскери бөлімнің командирі Төлеген Шыныбеков арнайы қатысып, барша ел қорғау ісіне үлес қосып жүрген азаматтарды құттықтады.

Басшы құрам халықтың мызғымас тыныштығы үшін еңбек етіп, күндіз-түні қызметте жүрген жас сарбаздар мен соғыста жеңіске жетуге атсалысқан ардагерлерге өз лебіздерін білдірді.

Қызметтерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген қызметкерлерге грамота мен алғыс хаттар үлестірілді. Атап айтсақ, бірінші дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалімен Түлкібас ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Талғат Мұсаұлы, Арыс қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлім басшысы Ерлан Төлендіұлы, ал үшінші дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін медалімен" Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бөлім офицері лейтенат Самат Тойлыбайұлы, Түркістан қаласы және Сауран ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының нұсқаушы сержанты аға сержант Нұрлыбек Қабылтайұлы марапатталды. Облыс әкімінің алғыс хатымен 5574 әскери бөлімінің үздік қызметкерлері марапатталды. Олардың қатарында майор Ерсұлтан Бауыржанұлы, капитан Мақсат Орынбасарұлы, үшінші сынып сержанты Дәулет Әуелбекұлы бар. Жиын соңында қонақтар арнайы ұйымдастырылған әскери техникалар көрмесін тамашалады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру