Түркістан облысында үш айда интернет-алаяқтықтың 159 қылмысы тіркелді
Түркістан облысында үш айда интернет-алаяқтықтың 159 қылмысы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысының тәртіп сақшылары алаяқтық қылмысына жол бермеуге қатысты профилактикалық іс-шараларды жүргізуде. Тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ІІМ-нің тапсырмасына сәйкес Түркістан облысы ПД әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында «Интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында онлайн брифинг өтті. Аталған шараға Криминалдық ПБ-ның аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Шыңғыс Жайлаубек қатысты.
– 2021 жылдың үш айы бойынша облыс аумағында жалпы ақпараттық жүйелерді пайдаланушыларға қатысты жасалған алаяқтықтың 159 қылмысы тіркелді. Оның 70 ісі сотқа жолданды. Сонымен қатар облыс бойынша алаяқтық қылмыстарының ашылу деңгейі 61,4%-ды құрап отыр,- деп атап өтті полиция қызметкері Ш. Жайлаубек.
Сондай-ақ, брифинг барысында Түркістан облысындағы интернет-алаяқтықтың ахуалы мен оның кең таралған түрлері туралы айтылды. Одан бөлек, желі қолданушылары да жазбаша түрде өз сауалдарын жолдап, көкейтесті сұрақтарына жауап алды. Тікелей эфирге 150-ден астам желі қолданушылары қатысты. Эфир барысында полиция қызметкерлеріне сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылды. Көбінде тұрғындар өзгенің атынан алаяқтық жолмен несие алу, қаржы пирамидасына ақша салып еселеп көбейтіп алу бойынша өз сауалдарын қойды.