Түркістан облысында үш жылқының қатысуымен жол апаты орын алды
Түркістан облысында үш жылқының қатысуымен жол апаты орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
13 тамызда түнгі уақытта Түлкібас аудандық полиция бөліміне хабарлама келіп түсті. Онда Hyundai Elantra көлігінің жүргізушісі Түлкібас ауданына қарасты «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» тас жолының 611-ші шақырымында жылқы қағып кеткені туралы айтылған.
Ақпарат алысымен оқиға орнына бірден полицейлер шықты. Анықталғандай, Түркістан қаласы бағытынан Алматыға келе жатқан көлікке жолдың сол жағынан бірнеше жылқы шығып соқтығысқан. Салдарынан көлік жүргізушісі мен бір жолаушы ауруханаға түрлі дене жарақаттарымен жеткізілген. Жалпы көлік ішінде төрт адам болған, оның біреуі кәмелет жасына толмаған бала. Оқиға орнында үш жылқы өлді. Адам шығыны жоқ, тек көлікке материалдық шығын келген.
Қазіргі таңда сот-медициналық сараптама тағайындалып, мал иелері іздестірілуде.