Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында үздік полицейлер марапатталды

Түркістан облысында қызметтік міндеттерін адал атқарып, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізген үздік полицейлер марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мерзімінен бұрын басшы құрамның арнаулы атағы жылдам қимылдайтын арнайы жасақ бастығының орынбасары Нұрдаулет Уразбаевқа берілді. “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медалі жылдам қимылдайтын арнайы жасағының аға инспекторы Жексен Баймурзаевқа тапсырылды. “Ішкі істер органдарының үздігі” төсбелгісі жылдам қимылдайтын арнайы жасағының аға инспекторы Даурен Алтынбековке тағылды. “Жауынгерлік ерлігі үшін” медалімен жылдам қимылдайтын арнайы жасағының взвод командирі Артур Мусабеков марапатталды.

Сонымен қатар ҚР Президентінің алғысы жылдам қимылдайтын арнайы жасағының взвод командирі Нұрлан Мырзабаев, тәртіп сақшылары Әбділдә Бақытжанов пен Бағдат Батырбековке табысталды.

Одан бөлек маусым айында Қытай Халық Республикасының Макао қаласында өткен жауынгерлік самбодан Азия және Океания чемпионатының жүлдегері атанған полицейге қошемет көрсетілді. Нақтырақ айтсақ, аталған жарыста 65 келі салмақ дәрежесінде қатысқан Түркістан облысының полицейі Айнұр Ақжігітова І орынды иеленіп, Азия чемпионы атанған.

Сонымен қатар Астана қаласында белбеу күресінен ересектер арасында өткен чемпионатта 76 келі салмақ дәрежесінде жүлделі І орынды иеленіп, Көшпенділер ойынына жолдама жеңіп алған полицей Перизат Нұрланқызы марапатталды.

Облыстың бас полицейі қызмет пен спортты қатар ұстап, чемпион атанған шенді аруларды жеңістерімен құттықтады.

Сондай-ақ Түркістан облысы полиция департаментіне қарасты Сауран аудандық полиция бөлімінің құрылысын жүргізуде өзіне жүктелген міндеттерін сапалы әрі уақытылы орындаған құрылыс мекемесінің басшылығы Қазақстан Республикасы ішкі сітер министрінің алғыс хатымен марапатталды.

“NTR” ЖШС директоры Хикматулла Абдурахманов министрліктің марапаты үшін алғысын білдірді. Ал мерейі артып, құрметке бөленген тәртіп сақшылары елімізге адал қызмет етуге ант берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру