Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген азамат ұсталды

Түркістан облысында жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында әкімшілік полиция қызметкерлері республикалық маңызы бар тас жолында орналасқан Сауран шеп-бекетінде "ҚОРҒАУ" жүйесі арқылы қауіпті жүргізушіні анықтады.

Ол LEXUS ES 300 көлігіне жалған нөмір тағып басқару кезінде ұсталды. Ақпараттық базалар арқылы тексеру кезінде жас жігіт жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, жылдамдықты асыру бабымен 18 рет айыппұл арқалағаны анықталды.

Аталған автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды. Заң талаптарына сәйкес жүргізуші 1 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылып, барлық төленбеген айыппұлдарын өтеді. Тәртіп сақшылары жүргізуші жігітпен профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жол қозғалысы ережелерін бұзбаңыз, заңға бағыну – өз қауіпсіздігіңіз бен өзгелердің өмірін сақтаудың кепілі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру