Түркістан облысында жас полицейлер ант қабылдады
Түркістан облысында жас полицейлер ант қабылдады, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан полициясы күні қарсаңында полиция департаментінің саптық алаңында салтанатты шара өтті. Полиция қатарына бірқатар жас полицей қосылып, ант қабылдады.
Аталмыш шараға Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов, полицияның жеке құрамы қатысты. Мемлекеттік Әнұранның әуенімен гарнизон сапында тұрған жас қызметкерлер ант мәтінін дауыстап оқып, азаматтардың құқықтарын қорғауға, заңдарды сақтауға салтанатты түрде уәде етті.
Облыстың бас полицейі оларды құттықтап, жылы лебізін жеткізді.
- Бүгіннен бастап қызмет жолдарыңызда жаңа белеске өттіңіздер. Алдағы уақытта тұрғындардың тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында анттарыңызға адал болуларыңыз тиіс! Жас маман ретінде өздеріңізге сенім білдіріп, жауапкершілікпен қызмет етеді деп сенеміз! - деді ПД бастығы.
Салтанатты шара соңында тәртіп сақшылары халыққа қалтқысыз қызмет ететіндіктерін жеткізіп, саптық адыммен қызметтеріне таратылды.