Түркістан облысында ЖБО қызметкерлері 756 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады
Түркістан облысында ЖБО қызметкерлері 10 күнде 756 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz
Түркістан облысы ПД Жедел басқару орталығының қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында адамдар көп жиналатын жерлерде, көшелерде орнатылған бейнекамералардың көмегімен түрлі құқық бұзушылықтардың дер кезінде анықталуын және қылмыстың жолын кесуді қадағалайды.
Мәселен, Жедел басқару орталығының операторлары бейнебақылау камералары арқылы соңғы 10 күнде 756 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 391-і қауіпсіздік белдігін тақпау, 39-ы көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдалану, 40 дерек дұрыс емес жерде тоқтау, 15-і күңгірттеу және 6 жайт қарсы қозғалыс жолағына шығу.
Мысалы, Түркістан қаласы Нышанов көшесінде кезекші полицейлер камералардың көмегімен тұтас жолақ пен қарсы қозғалыс жолағына шығудың 6 фактісін тіркеді. Жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігі (Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Тәртіп сақшылары аталған құқық бұзушылықтар туралы жинақталған материалдарды заңды шешім қабылдау үшін мамандандырылған әкімшілік сотына жолдады. Қос тұтас сызықты кесіп, қарама-қарсы бағытта жүретін жолдың жүріс бөлігіне шығып кетіп, жол қозғалысы ережелерін бұзған бұл жүргізушілер 6 ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылуы мүмкін.