Түркістан облысында жер алып беремін деп 3 млн теңгені қалтасына басқан күдікті анықталды
Түркістан облысы Сарыағаш ауданының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, тұрғынға жер алып беремін деп алаяқтық қылмысын жасаған 32 жастағы күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Белгілі болғандай күдікті ер адам бейтаныс әйелдің үй салу үшін жер іздеп жүргенін біліп, қосымша ақша тапқысы келген. Содан ол жәбірленушіге арзан бағада жер сатамын деп сендірген. Ал жәбірленуші бірден келісіп, ер адамға алдын ала 3,3 миллион теңге берген. Қүдікті қаражатты алғаннан кейін, қоңырауларға жауап беруді тоқтатқан.
Қазіргі таңда ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, істің мән-жайы анықталып жатыр.