Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жергілікті тұрғыннан марихуана тәркіленді

Түркістан облысында жергілікті тұрғыннан марихуана тәркіленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында "Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер есірткі затын заңсыз сақтау фактісін әшкереледі.

Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде жергілікті тұрғынды, деструктивті діни ағымның ұстанушысын ұстады. Оған жүргізілген тінту кезінде марихуанаға ұқсас есірткі заты табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысы бойынша алынған заттың жалпы салмағы шамамен 20 граммды құраған.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру