Түркістан облысында жоғалған жылқы бір тәулікте табылды
Ауыл тұрғыны жоғалған жылқысын қайтаруға жедел әрі сапалы көмек көрсеткен учаскелік полиция инспекторларына шынайы алғысын білдірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, күндізгі уақытта қорасында арқандаулы тұрған үш жасар жылқысы белгісіз жағдайда жоғалып кеткен.
Хабарлама түскен бойда оқиға орнына учаскелік полиция инспекторлары барып, іздестіру жұмыстарын дереу бастады. Тәртіп сақшылары жақын маңдағы аумақтарды, жайылымдар мен егістік алқаптарын мұқият тексерді.
Жүйелі түрде жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер бір тәулік ішінде жоғалған жылқыны егістік алқабынан шамамен үш шақырым қашықтықта, көрші ауыл маңындағы даладан тауып, иесіне қайтарды.
Полиция қызметкерлерінің кәсібилігі мен жедел әрекетінің арқасында мал аман-есен табылып, иесіне тапсырылды. Өз кезегінде ауыл тұрғыны тәртіп сақшыларына жоғалған жылқысын қысқа мерзімде тауып бергендері үшін ризашылығын білдірді.
