Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жол апатынан жаяу жүргінші көз жұмды: оның жақындары іздестірілуде

Түркістан облысында жол апатынан жаяу жүргінші көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 31 қазанында сағат 21.00 шамасында Шымкент-Самара тас жолымен Шымкент қаласы бағытына қарай «LADA 21144 110-42» автокөлігін басқарып келе жатқан жүргізуші жолдың 21 шақырымында жол-көлік оқиғасын жасаған. Яғни автокөлік жүргізушісі жасы 50 шамасындағы ер азаматты қағып кеткен. Нәтижесінде жаяу жүргінші алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

Аталған жол-көлік оқиғасы Түркістан облысы Полиция департаменті Анықтау басқармасының тергеу өндірісінде СДТБТ-ға тіркелді. Ол бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігімен (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ жол-көлік оқиғасы кезінде қайтыс болған ер азаматтың туыстары мен жақындарын анықтау мүмкін болмауына байланысты полицейлер суреттегі азаматты жақын танитын және қандай-да бір маңызды мәлімет білетін азаматтарға төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласуларын сұрайды.

Түркістан облысы ПД-нің кезекші бөлімі: 8 (725) 335 97 6;
Ордабасы аудандық полиция бөлімінің кезекшілігі: 8 (725) 302 13 85;
Полицияның «102» нөмірі не болмаса мына ұялы телефондарға: +7707 307 27 07, +7707 753 96 33;

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру