Түркістан облысында жол-көлік апатынан жүргізуші көз жұмды
Түркістан облысының полиция қызметкерлері бірнеше жол-көлік оқиғасының себебін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Отырар АПБ-не күндізгі сағат 13:21 де жергілікті тұрғын хабарласқан. Ол хабарламасында Отырар ауданы тас жолы бойында «Иж-Москвич» маркалы автокөлігі жол жиегінде аунап жатқаны туралы айтылған.
Хабарлама бойынша тексеру барысында, түскі сағат 12:30 шамасында Шымкент қаласының тұрғыны өзінің басқаруындағы «Иж-Москвич» маркалы автокөлігімен Отырар ауданына қарасты Шәуілдір-Байырқұм тас жолында Байырқұм ауылына қарай кетіп бара жатқан жолда автокөліктің рульдік басқару жүйесіне ие бола алмай жол көлік оқиғасына түскендігі анықталды.
Нәтижесінде автокөліктің жүргізушісі Шымкент қаласының тұрғыны екені, жол көлік оқиғасынан алған әртүрлі дене жарақаты әсерінен оқиға орнында көз жұмғаны белгілі болды.
Осындай оқиға Отырар ауданы Түркістан-Балтакөл бағытындағы тас жолы бойында да орын алған. Отырар АПБ-не, ТО ПД ЖОБ-ның «102» нөмірі арқылы Түркістан қалалық балалар ауруханасына, Балтакөл ауылы жасөспірім тұрғын әртүрлі дене жарақатымен жеткізілгендігі туралы хабар келіп түскен.
Хабарлама бойынша тексеру барысында, кешкілік сағат 19:30 шамасында жергілікті тұрғын өзінің басқаруындағы «Opel Vectra» маркалы автокөлігімен Түркістан қаласынан Балтакөл ауылы бағытына басқарып келе жатқан кезде жол бойында ойнап отырған бір топ балаларды көріп автокөліктің газын қайтарған. Сол мезетте топ ішінен бір бала ойнап жол ортасына шығып кетеді. Көлік жүргізіп келе жатқан азамат рульге ие бола алмай қалып, жасөспірім баланы қағып кетеді. Жаяу жүргінші жол көлік оқиғасынан алған әртүрлі дене жарақатымен Түркістан қаласы балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне жатқызылып, «ауыр дәрежелі» дене жарақатын алғаны анықталған.
Көлік жүргізуші азамат Психикалық белсенді зат пайдалану және мас болу жайтын анықтау үшін медициналық куәландырудың қортындысында «мас емес» дәрежесі анықталды.
Аталған оқиғалар бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы (Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша тергеп-тексеру шаралары жүргізілуде.
Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуға және жол жүру ережесін бұзбауға кеңес береді. Жылдамдықты арттыруға, қарсы қозғалыс жолағына шығуға болмайды, абай болып, жаяу жүргіншілерді өткізу керек. Сондай-ақ қауіпсіздік белдігін тағып және автомобильді басқару кезінде телефон арқылы сөйлеспеу қажет. Жол-көлік оқиғасы болған жағдайда тез арада «102» телефоны бойынша полицияға хабарласыңыздар. Жүргізушілер, өз өмірлерін және жол қозғалысына қатысушылардың өмірін сақтаңыздар.