Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шара өткізілді

Түркістан облысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шара өткізілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

"Заң мен тәртіп" қағидатын ілгерілету шеңберінде Ордабасы ауданының аумағында полицейлер қоғамдық құқықтық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жедел-профилактикалық іс-шара өткізді. 

Жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында Жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша дрондар да жұмылдырылды. Іс-шара барысында полицейлер 100-ден астам құқық бұзушылықты анықтап, айыптұраққа 12 көлік қойылды.

Сондай-ақ полицейлер құқық бұзушылықтың алдын алу, жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығы және жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын және жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізді.

Мұндай кездесулер полиция мен халық арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

 — Біздің басты міндетіміз — тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Әсіресе жол қозғалысы кезінде әрбір азаматтың жауапкершілігі ерекше маңызды, - деп атап өтті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Асқаров. 

 Полицейлер атап өткендей, жол қозғалысы қауіпсіздігіне бағытталған осындай іс-шаралар алдағы уақытта да өткізілетін болады. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру