Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жол қозғалысының қауіпсіздігі және оны тұрақтандыру мәселесі қаралды

Түркістан облысында жол қозғалысының қауіпсіздігі және оны тұрақтандыру мәселесі қаралды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаментінде Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Күн тәртібінде жол қозғалысының қауіпсіздігі және оны тұрақтандыру мәселесі қаралды. 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов төрағалық еткен жиынға прокурордың бірінші орынбасары Данияр Сыздыков, құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары Ерік Пралиев,ҚазАвтоЖол” ҰҚ” АҚ-ы Түркістан облыстық филиалы директорының орынбасары Қуатбек Нұрбаев, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Асан Джумабаев, полицейлер, сондай-ақ қала, ауылдардың әкімдері бейнеселекторлық байланыс арқылы қатысты. 

— Жол көлік оқиғаларының басым бөлігі облыстық маңызы бар жолдар мен елді мекендер аумағында болады. Сонымен қатар талдау көрсеткендей, облыста апаттылықтың негізгі факторлары жаяу жүргіншілерді соғып кету, қарама-қарсы және ілеспе соқтығысудан болған. Жыл басынан бері полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 16 мыңнан астам құқық бұзушыны анықтап, шара көрді, — деп атап өтті Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Бағланбек Айтпаев.

Комиссия отырысына жиналғандар жол апаттарына тосқауыл қою үшін не істеу керектігі жөнінде ойларын ортаға салды. Алдағы уақытта осы бағытта бірлесіп, тиімді шаралар жасасуға уағдаласты. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру