Түркістан облысында “Жолда қабылдау” акциясы өтті
Түркістан облысында полицейлер “Жолда қабылдау” акциясын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Коронавирус індетіне байланысты енгізілген карантин кезінде аталған акция әдеттегідей ғимараттардың ішінде емес, сыртта ашық аспан астында барлық сақтық шаралары қолданылып, арақашықты сақтай отырып өткізілді.
Облыс тұрғындары оның ішінде желі қолданушылары тәртіп сақшыларына өздерінің көкейдегі сауалдарын қойып, қажетті құқықтық кеңестер алды. Мысалы, аталған акцияға екі күн ішінде облыс бойынша 400-ден астам адам арнайы келіп, өз мәселелерін жеткізген, ал полицейлер оларға нақты жауаптар беріп, тез арада шешілуіне ықпал етті. Арыз-шағымдарын қабылдап алды. Сондай-ақ Полиция департаментінің “Facebook” және “Instagram” әлеуметтік желілері арқылы тікелей эфирлер жүргізіліп, онлайн-режимде жауап берді. Өз кезегінде желі қолданушылары акцияға қатысты пікірлерін ашық білдіріп, кері байланыс орнады.