Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жұмысқа орналастырып беремін деп 4 адамды алдаған күдікті ұсталды

Түркістан облысында жұмысқа орналастырып беремін деп 4 адамды алдаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, таныс ер адам Атырау қаласына «жұмысқа орналастырып беремін» деп сеніміне кіріп, 1 миллион теңгеге жуық ақшасын жымқырған.

Аталған фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді.

Тәжірибелі полицейлерден құрылған жедел-тергеу тобы жергілікті тұрғынды уысына түсірген алаяқты ұстауға қажетті шараларды жасады. Куәлардан жауап алу барысында, жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке басы анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Анықталғандай, ер адам алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Бұдан бөлек оның мағыналас тағы 3 жайтқа қатысы бар екені анықталды. Қазіргі таңда ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру