Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жұмысшы жігіт үйден ақша ұрлаған

Түркістан облысының полицейлері тұрғынның ақшасын ұрлаған жұмысшыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оның үйінде жалданып жұмыс істеп жүрген жұмысшысы үйде ешкім жоқтығын пайдаланып, жатын бөлмеде сөмкеде тұрған 500 мың теңге ақшасын жымқырып кеткен. Аталған жайт СДТТБТ-ға ҚР ҚК-нің 188-бабымен тіркелді.

Орын алған ұрлық қылмысын ашу мақсатында полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Көрген-білгендерден жауап алынып, қашып жүрген күдіктіні іздеу жұмыстары жүргізілді. Мұқият тексерілді. Нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар күдікті жасырынып жүрген жерінен анықталып, Түркістан қаласынан ұсталды. Түлкібас АПБ-не жеткізілді.

Тергеу барысында күдікті ақшаны ұрлап, өз қажетілігіне жаратып жібергенін. толық мойындады. Бас шарасы ешқайда кетпеу туралы қолхат. Қазіргі уақытта Түлкібас АПБ-де осы қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға бағалы заттарыңыз бен ақшаларыңызға барынша сақ болуды ескертеді. Сондай-ақ, тұрғын-үйлеріңіздің ауласына бейнебақылау камераларын орнатып, есіктерін нығайтып, терезелеріне темір тор орнатуға кеңес береді.

Полиция.кз

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру