Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полицейлер есірткі қылмысының алдын алу шараларын жүргізуде

Түркістан облысында полицейлер есірткінің заңсыз айналымына қарсы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 359 құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері заңсыз айналымнан 1 тоннадан астам түрлі есірткі заттары тәркіленді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 700 келіге жоғары. Трамадолды заңсыз сату фактісімен айналысқан екі қылмыстық топ әшкереленді.

Сонымен қатар синтетикалық есірткімен 36 адам ұсталып, 3 келіге жуық синтетикалық заттар тәркіленді. Аса ірі көлемде есірткі сақтаудың 18 дерегі, есірткі лабораториясымен байланысты екі факт анықталды. Есірткі жарнамалайтын 1114 сайт бұғатталды. "Антифрод" жүйесі арқылы 1346 банк шоты бұғатталып, заңсыз 70 млн теңгенің аударылымы тоқтатылды. Қаладағы есірткіні насихаттайтын 190 граффити жазба өшірілді.

"Қарасора-2025" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу аясында Қызылорда және Жамбыл облыстарының шекара аумақтарына 2 тосқауыл бекеті қойылды. Нәтижесінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері заңсыз айналымнан 13 есірткі арнасын тоқтатты. 40 келіден астам марихуана тәркіленіп, 5 азамат қамауға алынды. Есірткі егудің 69 дерегі анықталып, 62 938 түп есірткі өсімдігі тәркіленді.

"Дәрмек"  жедел-профилактикалық іс-шарасының үш кезеңінде барлығы 12 қылмыстық және 82 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 2640 трамадол психотроптық заты және 360 тонна прекурсорлар мен түрлі әсері күшті препараттар тәркіленді.

Қазіргі таңда жастар мен жергілікті тұрғындар арасында есірткіге қатысты профилактикалық жұмыстар жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру