Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының ардагерлері мен полицейлері марапатталды

Түркістан облысының ардагерлері мен полицейлері марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының полицейлері Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығын кең көлемде атап өтті. Ел амандығы үшін күні-түні қызмет етіп жүрген сақшылар мен айбынды ардагерлерге құрмет көрсетілді. Салтанатты шеру өткізіліп, Даңқ мемориалына гүл шоқтары қойылды.

Облыс орталығының "Жеңіс саябағында" өткен мерекелік шараға ІІО-ның ардагерлері құрметті қонақ ретінде шақыртылды. Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов бастаған жеке құрам соғыста құрбан болған аталарымыз бен әкелерімізді, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерді 1 минут үнсіздікпен еске алды. Облыстың бас полицейі Мұрат Қабденов пен Түркістан облысы бойынша ішкі істер органдары Ардагерлер кеңесінің төрағасы Оспанғазы Жанқожаев барша Отан қорғаушыларды мейрамдарымен құттықтап, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Бейбіт өмірдің кепілі болған ардагерлерімізге тағзым етті. Қызмет бабында қайтыс болған қызметкерлердің жұбайларына, ардагерлерге бағалы сыйлықтар үлестірілді. Өзінің кәсіби шеберлігі мен жоғары нәтижеге қол жеткізген 100-ге жуық полицейге марапат берілді. Бірқатарына кезекті арнаулы шендері табысталды. Сондай-ақ ішкі істер органдарына қабылданған жас қызметкерлердің ант қабылдау рәсімі ұйымдастырылды. Ал жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері ұрыс тәсілдерін көрсетіп, қонақтардың ықыласына бөленді.

Шара соңы патриоттық әндерге негізделген концерттік бағдарламамен жалғасты. Жиын жеке құрамның мерекелік саптық шеруімен қорытындыланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру