Түркістан облысының бас полицейі анықтаушыларды төл мерекелерімен құттықтады
Түркістан облысының бас полицейі Мұрат Қабденов анықтаушыларды төл мерекелерімен құттықтап, марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz
1991 жылы 6 қыркүйекте ішкі істер органдарында анықтау қызметі құрылды. Түркістан облысы ПД бастығы Мұрат Қабденов өздерінің қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген анықтаушыларды марапаттады.
Атап өтсек, өз ісінің мамандары Досхан Абиш, Әсел Оразалы мен Нығметжан Керім, Алау Бақытжанұлы, Айя Жантілеуова, Бақберген Шайздар Түркістан облысы ПД бастығының грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ, осы бұйрықпен 5 қызметкер алғыс хат иеленді.
– Ішкі істер саласы қызметкерлерінің жұмысы өте ауыр десек, оның ішінде анықтаушылардың қызметі асқан қырағылықты, дәлдікті талап ететін сала деп білемін. Яғни, анықтаушылар қылмыстарды анықтауда басы-қасында болады. Жедел-тергеу тобымен бірге қылмыс орнына шығып, түрлі жағдайлармен бетпе-бет келеді. Сондықтан шаршамаңыздар, елге адал қызмет ете беріңіздер. Жанұяларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін! Мереке құтты болсын, – деп атап өтті облыстың бас полицейі М. Қабденов.