Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының бас полицейі БАҚ өкілдерімен кездесті

Түркістан облысының бас полицейі БАҚ өкілдерімен кездесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Шуақты көктем: төртінші билік өкілдерімен кездесу" тақырыбында өткен шараға Түркістан облысы мен Шымкент қаласының БАҚ өкілдері арнайы қонақ ретінде шақырылды.

Түркістан облысы полиция департаментінің жаңа басшысы Арыстанғани Заппаров телеарна журналистері, басылым, ақпараттық агенттік тілшілері мен қоғам белсенділеріне құрмет көрсетті.

Еркін форматта өткен іс-шарада журналистермен бірлесіп атқарылатын алдағы жоспарлар талқыланды.

Тәртіп сақшылары мен бұқаралық ақпарат құралдары серіктестігінің "Заң мен тәртіп" қағидатын қалыптастыру ісінде ықпалы көп екені айтылды. Құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында сауалдар мен ұсыныс-пікірлер тыңдалып, полиция басшылығы тарапынан нақты жауаптар берілді.

Полиция департаментінің басшысы Арыстанғани Расылханұлы өз сөзінде: "Бүгінгі іс-шараға қош келіпсіздер! Сіздермен жүздесіп, бетпе-бет танысып отырғаныма қуаныштымын. Баршаңызды Қасиетті Рамазан айымен, Көктем мерекесімен құттықтаймын! Полицияның оң имиджін қалыптастыруда мақала, сюжеттерін жұртшылыққа ұсынып жүрген Сіздердің әрқайсыларыңыздың қолдауыңыз - біз үшін аса маңызды. Сондықтан әрбір сәтті қалт жібермеуге тырысатын баршаңызға шығармашылық табыс тілеймін, - деп атап өтті.

Сондай-ақ республика көлемінде БАҚ өкілдері арасында өткен "Погонды журналист" байқауында жоғары нәтиже көрсетіп, туындыларын ұсынған бірқатар журналистер ҚР Ішкі істер министрінің Алғыс хатымен марапатталды.

Көктем мерекесі қарсаңында өткен кездесуден қонақтар көтеріңкі көңіл-күймен тарқап, естелікке суретке түсу рәсімімен тәмамдалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру