Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері ауа райының қолайсыздығына байланысты күшейтілген тәртіппен қызмет етіп жатыр

Түркістан облысының полицейлері ауа райының қолайсыздығына байланысты күшейтілген тәртіппен қызмет етіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 қаңтар кешкі уақыттан бастап ауа райының қолайсыз болуына, яғни жауын-шашын мен қардың түсуіне байланысты Түркістан облысының полицейлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жүргізушілерге көмек көрсету үшін күшейтілген режимде қызмет атқарып жатыр.

Сонымен қатар Түркістан облысының Шымкент – Самара және Шаян – Шақпақ тас жолдарында көктайғақ салдарынан материалдық шығыны бар 4 жол-көлік оқиғасы болды. Сонымен қатар оқиға кезінде 1 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. 

Бұдан бөлек Алматы – Ташкент – Термез және Созақ-Шаян трассаларында Бәйдібек, Сайрам, Созақ және Түлкібас аудандарының аумағында жүк көлігінің қозғалысына шектеу қойылды.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары жол жиегіне шыққан ауыр жүк көлігінің жүргізушілеріне көмек көрсетті.

– Құрметті Түркістан облысының жүргізушілері мен тұрғындары! Ауа райының қолайсыздығына байланысты жол ережелерін сақтауға және жолдарда мұқият болуға шақырамыз, – дейді полиция қызметкерлері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру