Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері 11 жыл құжатсыз жүрген тұрғынға көмектесті

Түркістан облысының полицейлері 11 жыл құжатсыз жүрген тұрғынға көмектесіп, алғыс алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ-нің тапсырмасына сәйкес Түркістан облысы Полиция департаментінде құжаттанбаған тұрғындарға құжат рәсімдеу мақсатында көші-қон қызметкерлерінен арнайы мобильдік топтар құрылған.

Осыған байланысты Ордабасы ауданы ПБ-ның полиция қызметкерлері халық арасында сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, құжаттанбаған тұрғынның барын анықтаған. Содан кейін Ордабасы ауданының тұрғыны Бақшагүл Қарақұлованың құжатын жасап беруге көмек берілді.
Анықталғандай тұрғын Өзбекстан Республикасынан қоныстанып, содан бері уақытша төлқұжатпен жүргені белгілі болды. Қазақстан Республикасының төлқұжатын ала алмаған.

Полицейлер 56 жастағы азаматшаға көмектесу мақсатында елшіліктермен хат-хабар алмасып, тыңғылықты жұмыстар атқарып, Бақшагүл Нұрбекқызына төлқұжат рәсімдеп берді.

Өз кезегінде жаңа төлқұжат алған азаматшаның куанышында шек болмады. Ол полиция қызметкерлеріне және оларды басқарып отырған басшыларына алғысын жаудырды.

Атап өтетін жайт, Ордабасы ауданы ПБ-ның полиция қызметкерлері жергілікті тұрғындарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға құжатын жасап беруге, ары-бері сандалтпауға үнемі көмек көрсетіп отырады. Бұл бағыттағы жұмыстар полицейлер тарапынан алдағы уақытта да жалғаса бермек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру