Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері 180-нен астам құқық бұзушылықты анықтады

Түркістан облысының полицейлері рейд барысында 180-нен астам құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының полицейлері жедел жағдайды сауықтыру, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, оның ішінде заңсыз жер қойнауын пайдалану және жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін анықтау, жолын кесу мақсатында, Келес ауданында рейдтік іс-шара өткізді.

Іс-шараға Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен жылдам қимылдайтын арнайы жасақ, сондай-ақ Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары жүргізген жұмыс нәтижесінде 182 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабы (Міндетті сақтандыру туралы ҚР заңнамасын бұзу) бойынша – 63 құқық бұзушылық, ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы (Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша –  60 жайт, ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы (Бағдаршамның тыйым салу сигналына жүру) бойынша – 58 фактісі анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары автокөлікті мас күйде басқарудың 1 фактісін анықтап, 2019 жылдан бастап Шымкент қаласында іздеуде жүрген ВАЗ автокөлікті айыптұраққа қойды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру