Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері 200-ден астам құқық бұзушылықты анықтады

Түркістан облысы полицейлері «Жасөспірім» жеделдетілген-профилактикалық іс-шарасы барысында 200-ден астам құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz порталының тілшісі.

Ағымдағы жылдың 6-10 қаңтар күндері аралығында Түркістан облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері облыс аумағында «Жасөспірім» ЖПІШ өткізуде. Іс-шараның негізгі мақсаты кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, жасөспірімдер қылмысын болдырмау, түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз ойын-сауық мекемелерінде жүрген кәмелет жасына толмағандарды анықтау болып табылады. Іс-шараға полиция қызметкерлері, мүдделі органдар, прокуратура, білім беру, денсаулық сақтау, ата-аналар комитеттерінің өкілдері тартылды.

«Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғалы бері тәртіп сақшылары полиция бөліміне 233 кәмелет жасына толмағандарды жеткізді, оның ішінде 204-і түрлі құқық бұзушылықтар жасаған.

 

Балаларына дұрыс тәрбие бермегені үшін ювеналды полиция қызметкерлері 12 ата-ананы және кәмелетке толмаған балалардың ойын-сауық мекемелерінде болуына жол бергені үшін 5 кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Сондай-ақ рейдтік іс-шаралар кезінде тәртіп сақшылары үйінен тыс жерде заңды өкілсіз жүрген 153 кәмелетке толмаған балаларды және түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде жүрген 13 жасөспірім анықталған.

Оған қоса «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер кәмелет жасына толмағандарға заңсыз темекі сатқан 4 жайтты және 6 алкоголь сату дерегін анықтады.
Ескерте кетсек, «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы облыс аумағында ағымдағы жылдың 10 қаңтарына дейін жалғасады.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру