Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері 229 гектар жерге заңсыз егін еккен күдікті азаматты анықтады

Түркістан облысының полицейлері 229 гектар жерге заңсыз егін еккен күдікті азаматты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Оның айтуынша, ауыл сыртындағы екі бірдей егістік алқабына өзінің рұқсатынсыз белгісіз азамат егін еккен. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 389-бабы (Өзінше билік ету) бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.

Полицейлер хабар алысымен оқиға орнына бет алды. Күдікті азаматты полиция бөліміне жеткізіп, тергеу амалдарын бастап кетті. Белгілі болғандай, 89 және 140 гектар болатын екі жерге мақсары мен жоңышқа еккен. Содан соң оны орып, сатпақ болған. Алайда тәртіп сақшыларының қырағылығының арқасында құйтырқы әрекеті іске аспады. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті азаматтың бас шарасы «келу туралы міндеттемеде».

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру