Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері 5 мың түп сора егістігін жойды

Түркістан облысының полицейлері бес мың түп сора егістігін жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Отырар ауданы Сырдария өзенінің жағасында бір гектарға жуық жер теліміне есірткі затына ұқсас өсімдіктіктердің егілгені жөнінде хабарлама алды. Ақпарат алысымен тәртіп сақшылары тексеруге шықты. Полицейлер тінту кезінде бес мың түп есірткі затын тауып, тәркілеп алды. Сараптама қорытындысына сәйкес алынған түптер «сора» болып шықты.

Аталған жайт СДТТБТ-ға ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша тіркелді.

Полицейлер аталған есірткіні егіп, күтіп-баптаған екі ер адамды ұстады. Олардың бірі бұрын сотты болған Түркістан қаласының тұрғыны болса, екіншісі РФ азаматы болып шықты. Сондай-ақ, тергеу барысында негізгі ұйымдастырушы яғни ұсталғандарға тапсырма беріп, осы есірткі заттарын ектіріп, барлық жағдай жасаған басты күдікті анықталып, ұсталды. Ол бұрында осындай қылмыс жасап сотты болған Түркістан қаласының тұрғыны екендігі айқындалды.

Күдіктілер қамауға алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері күдіктілердің тыйым салынған құрамында есірткі заты бар өсімдікті қандай мақсатта өсіргенін анықтауда.

Түркістан облысының полиция қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымын жедел-іздестіру және алдын алу іс-шаралары аясында бірқатар қылмыстарды ашып, есірткі сатқан, еккен, сақтаған күдіктілерді құрықтауда. Мысалы, жыл басынан бері ҚР ҚК-нің 300-бабымен яғни құрамында есірткі заты бар өсімдікті заңсыз егіп-өсірудің 68 дерегі анықталып, оның ішінде 47 қылмыстық іс сотқа жолданған.

Сондықтан сіз есірткі бойынша қандай да бір ақпараттарды білсеңіз бірден полицияның «102» нөміріне хабарласыңыз. Бұл өз кезегінде есірткігетбайланысты қылмыстардың азаюы мен жолын кесуге септігін тигізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру