Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері аккумулятор ұрлаған автоұрыны ұстады

Түркістан облысының полицейлері аккумулятор ұрлаған автоұрыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, белгісіз тұлға түнгі уақытта оның үйінің алдында тұрған МАН маркалы ауыр жүк көлігінен екі дана аккумуляторын ұрлап кеткен. Аталған жайт АПБ-ға ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 60 мың теңге.

Ақпарат алысымен тәжірибелі полиция қызметкерлерінен құрылған жедел-тергеу тобы автоұрыны ұстауға жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары оқиға орнына тез арада жетіп, қылмысты ашуға қажетті барлық шараларды іске асырды. Көрген-білген жандардан жауап алып, сол арадағы бейнебақылау камераларын тексерді.

Алынған ақпарат көздері арқылы жедел уәкілдер күдіктінің ізіне түсіп, оны тұрғылықты мекен-жайынан ұстады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Кінәсін толық мойындады.

Белгілі болғандай, күдікті түнгі уақытта көліктің жанында ешкім жоқтығын пайдаланып, арам ойын іске асырған. Көліктің терезесін сындырып, аккумуляторын жымқырған. Осылайша автоұры ұрланған затты сатып үлгермей, полицейлердің қырағылығының арқасында ұсталды. Одан айғақты зат ретінде аккумулятор алынып, заңды иесіне қайтарылды. Сонымен қатар орта жастағы күдіктінің осындай ұрлық қылмысына қатысы бары анықталды. Бүгінде күдіктінің бас шарасы қамауда. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру