Түркістан облысының полицейлері аккумулятор ұрлаған күдіктіні ұстады
Түркістан облысының полицейлері аккумулятор ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ордабасы ауданы ПБ-ға жергілікті тұрғынның бірі ұрлық жайтының құрбаны болғандығы туралы арызданып келген. Оның айтуынша, дүкен алдынан күндізгі сағат 13:00 шамасында өзінің басқаруындағы ГАЗ-2410 автокөлігінің аккумуляторын белгісіз азамат ұрлап кеткендігі туралы көрсеткен.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша СДТБТ-ға тіркелді.
Аккумулятор ұрлаған күдіктіні ұстау мақсатында полиция бөлімінде тәжірибелі қызметкерлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Көрген-білгендерден сұрастырып, жақын аймақтар мұқият тексерілді. Бейнебақылау камераларын қарап шықты. Нәтижесінде полиция қызметкерлері жинақталған ақпарат көздері арқылы небары үш сағат ішінде күдікті деп танылған жергілікті тұрғынды ұстады. Полиция қызметкерлері күдікті азаматтың үйінен айғақты зат ретінде ұрланған аккумуляторды тәркілеп алып, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Белгілі болғандай, егде жастағы жәбірленуші Шымкент қаласына бет алған. Содан соң өзінің басқаруындағы көлігін мініп шығып, жол бойында орналасқан дүкен алдына қойып кеткен. Ал өзі басқа автокөлікке мініп, Шымкент қаласына жолға шыққан. Осылайша шаруаларын бітіріп келген ер адам автокөлігінің аккумуляторының жоқтығын көріп, бірден полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.