Түркістан облысының полицейлері автокөлік бөлшектерін ұрлаған күдіктіні ұстады
Түркістан облысының полицейлері автокөлік бөлшектерін ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түлкібас АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын белгісіз азаматтың үш дана автокөліктің қозғалтқыш бөлшегін, бір дана автокөліктің беріліс қорабын ұрлап кеткендігі туралы хабарлайды. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 500 мыңнан астам теңгені құрап отыр. Аталған жайттар Түлкібас АПБ-не ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алынды.
Түлкібас АПБ-нің полицейлері оқиға орнына толық құрамда шығып, қажетті шаралардың барлығын жасады. Сонымен қатар жәбірленуші мен куәгерлерден жауап алды, қылмыс орындарын, сондай-ақ ұрланған -көлік бөлшектерін сату орындарын мұқият тексерді. Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының аясында күдіктіні құрықтады. Полицейлер күдіктінің тағы да басқа қылмыстарға қатысы бар-жоқтығын анықтауда. Қазіргі уақытта аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта.
Тергеу барысында анықталғандай, жәбірленушінің қоршаусыз тұрған ауласындағы автобөлшектерін ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған. Қолды болған заттарды темір өткізетін жерге барып, 76 мың теңгеге сатып, ақшасын бас пайдасының қажеттілігіне жаратып жіберген. Қазіргі таңда айғақты зат ретінде ұрланған автобөлшектер тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.
Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға бағалы заттарыңызды қараусыз қалдырмау керектігін ескертеді. Егер, сіз, қылмыс құрбаны немесе куәгері болсаңыз, қылмыскерлерді ізін суытпай құрықтау үшін, тез арада полицияның «102» телефонына хабарласыңыз.