Түркістан облысының полицейлері аз қамтылған отбасыға көмек көрсетті
Түркістан облысының полицейлері аз қамтылған отбасыға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы ПД ЖПҚБ бағынысты ППБ-нын 2-взводтың командирі Ержан Сабитханұлы, қызмет аға инспекторы Шалқар Шекербеков, қызмет инспекторлары Жәнібек Исаев пен Нұрлыбек Алдамжаровтар қайырымдылық жасап қайтты. Түлкібас ауданында тұратын 2-топтағы мүгедек Абай Рыстаевтың отбасына күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік алып барып берді.
Өз кезегінде Абай Рыстаев тәртіп сақшыларына өз алғысын айтты.
– Түркістан облысының полиция қызметкерлеріне рақмет. Дендерің сау болып, аман жүріңдер. Істеріңнің берекесін берсін!
Жақсылық жасау — имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. Бүгінде Түркістан облысының полиция қызметкерлері қолдан келгенше қайырымдылық жасауды дәстүрге айналдырып, өздеріне парыз еткен. Бұл іс-шара жеке құрамның халықпен тығыз байланыста болуына бастайды. Осындай шаралар алдағы уақытта да жалғасатын болады.