Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мерекелік көңіл-күй сыйлады

Түркістан облысының полицейлері балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мерекелік көңіл-күй сыйлады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Түркістан облысы ПД бастығы Мұрат Қабденовтің бастамасымен Арыс қаласындағы Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар үйінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Тәртіп сақшылары балалардың көңілін аулап, олармен бірге ән салып, би биледі. Сондай-ақ жеткіншектерге самокат, скейтборд, басқа да түрлі ойыншықтарды сыйға тартты. Балмұздақтарын үлестірді. Балалармен сұқбаттасып, олардың сауалдары мен ұсыныс-пікірлеріне ден қойып, нақты жауаптар берді.

– Құрметті балғындар, сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз. Отанымыздың мақтанышы болуларыңызға тілектеспіз! Сіздерге дайындаған сыйлықтарымызды қабыл алыңыздар! Әрқашан осылай жадырап-жайнап жүре беріңіздер, – деп Арыс аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Мақсат Қарабаев жеке құрам атынан құттықтауын жеткізді.

Жалпы, Түркістан облысының полицейлері қашанда қиналғанның қолдаушысы әрі қорғаушысы болып жүреді. Оның ішінде осы мекеменің тәрбиеленушілеріне үнемі көмек көрсетіп келеді. Мерекелер, басқа да жай күндері қауырт жұмыстарынан уақыт табатын тәртіп сақшылары балаларды қуантып қайтуға асығады. Қолдарына тәттілері мен сыйлықтарын алып, тұрақты келіп тұрады.

Полицейлерден жылулық сезінген аталмыш ұйымның білім алушылары Түркістан облысы ПД қызметкерлеріне өз ризашылықтарын білдіріп, бала көңілдерімен жүрекжарды сөздерін арнай отырып, алғыстарын жеткізді. Сонымен қатар осы мекемеде өсіп-өнген, білім алған бүгінде Арыс аудандық полиция бөлімінде учаскелік полиция инспекторы болып қызмет ететін Мәди өзінің іні-қарындастарын мерекелерімен құттықтап, алдыға ұмтылуға, білім-ғылымға, тек жақсылыққа үйір болуға шақырып, ағалық кеңесін айтып өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру