Түркістан облысының полицейлері бірнеше құқық бұзушылықты анықтады
Түркістан облысының полицейлері бірнеше құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түрлі іс-шараларды іске асырады.
Мәселен, Сарыағаш ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары рейдтік қызмет атқару кезінде Сарыағаш көшесінің бойында күдік тудырған ВАЗ-2105 автокөлігін тоқтатады. Содан жүргізушінің құжатын тексеру барысында бірнеше кемшіліктер анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігі (Мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын басқару) хаттамалар толтырылды.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары профилактикалық жұмыстар барысында азаматтардың қоғамдық орында темекі қалдығын жерге тастап ластағандары үшін үш адамға ҚР ӘҚБтК-нің 432-бабы (Медициналық, фармацевтикалық қызметпен айналысуға рұқсат беру құжаттарын алу кезiнде көрiнеу жалған мәлiметтер мен ақпарат беру) бойынша хаттамалар түзілді.