Түркістан облысының полицейлері дәрі-дәрмекті рецепсіз сатқан дәріхананы анықтады
Түркістан облысының полицейлері дәрі-дәрмекті рецепсіз сатқан дәріхананы анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция департаменті бастығының тапсырмасымен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Сарыағаш ауданында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізіп жатыр.
Іс-шара барысында сақшылар рецепсіз дәрі-дәрмек сатқан дәріхананы анықтады. Яғни, дәріханадан шыққан ер адамнан рецепт бойынша берілетін Медакс препаратының төрт данасы табылды. Ол дәріні рұқсат қағассыз сатып алғанын түсіндірді. Бұл факт Сарыағаш аудандық полиция бөлімінде тіркелді.
Ал дәріхана қызметкеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы 1-бөлігі бойынша материалдар жинақталып, шешім қабылдау үшін Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментіне жолданды. Сақшылар заңсыздықтардың жолын кесу мақсатындағы іс-шаралар кешенін жалғастырып жатыр.