Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері дүкенге ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады

Түркістан облысының полицейлері дүкенге ұрлыққа түскен күдіктіні жұмыс орнынан ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Созақ аудандық ПБ-ға жергілікті тұрғындардың бірінен арыз келіп түскен. Онда жәбірленуші әйелдің айтуынша, өзінің дүкеніне белгісіз азаматтың жасырын түрде кіріп, 280 мың теңге шығын келтіргенін көрсеткен. Яғни, түрлі азық-түліктер мен кассадан ақша жымқырған. Аталған хабарламаны полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Орын алған ұрлық қылмысын ашу мақсатында созақтық сақшылардан жедел-тергеу тобы құрылып, оқиға орнына бірден жетті. Дүкен ішімен қоса айналаның барлығын шолып шығып, күдікті азаматты анықтауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастырды. Бейнебақылау камерасына түскен бейнелердің әр минут, секундын мұқият тексерді. Осылайша жинақталған ақпарат көздерінің нәтижесінде, күдікті ер адамның жеке басы анықталып, жұмыс орнынан ұсталды. Тәртіп сақшылары күдіктіні бірден ПБ-ға жеткізді. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Белгілі болғандай, күдікті азамат оңай олжаға кенелуді ойлап, түнгі уақытта дүкеннің артқы есігін бұзу арқылы ішіне кірген. Күдікті барлық сақтық шараларын жасап, іске кіріскенімен Созақ ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкері Қанат Нәжіметдин мен ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы Таңатар Абдыраймовтың қырағылықтарының арқасында арам ойы жүзеге аспады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру